
Алшынбаева Өркен Болатқызы
Әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
Алшынбаева Өркен Болатқызы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі.
1998-2002 жж. – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, журналистика мамандығы;
2009-2011 жж. – Еуразиялық гуманитарлық университет, құқық мамандығы.
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
Әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымын атқаратын адам, өз мемлекеттік органының құрылымына кіретін ведомстволардың және аумақтық бөлімшелердің әдеп жөніндегі уәкілдеріне әдіснамалық басшылық жасауды үйлестіреді және жүзеге асырады.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетін жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон не ақпаратты тиісінше беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникация құралдарын пайдалану арқылы өткізілуі мүмкін.
16.09.2002 жыл – 29.01.2005 жыл Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы;
31.05.2005 жыл – 01.11.2010 жыл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің сарапшысы;
01.10.2010 жыл – 20.03.2013 жыл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясының сарапшысы;
20.03.2013 жыл – 01.11.2017 жыл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон департаментінің сарапшысы;
01.11.2017 жыл – 08.06.2018 жыл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Мүгедектер және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша басқармасының бас сарапшысы;
08.06.2018 жыл – 14.08.2019 жыл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша басқармасының бас сарапшысы;
14.08.2019 жыл – 21.10.2020 жыл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғаммен байланыс департаментінің бас сарапшысы;
22.10.2020 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі.