
Өмірбаян
Абжамалов Аян Есенгалиевич 1983 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, 3 балалы.
Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды облысы Соттар Әкімшісінің Ұлытау ауданы аумақтық участкісінің сот орындаушысынің м.а. болып бастаған.
2004-2010 жылдары - Қарағанды облысы Соттар Әкімшісінің Ұлытау ауданы аумақтық участкісінің сот орындаушы.
2010 жылы - Қарағанды облысы сот актілерін орындау департаментінің Ұлытау аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушысы.
2010-2011 жылдары - Қарағанды облысы әділет департаменті Ұлытау ауданы әділет басқармасының бас маманы.
2011-2012 жылдары - Қарағанды облысы әділет департаменті Ұлытау ауданы әділет басқармасының бастығы.
2012-2013 жылдары - Ұлытау ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің заңгері.
2013-2014 жылдары - Қарағанды облысы сот актілерін орындау департаментінің Ұлытау аумақтық бөлімі филиалының басшысы-аға сот орындаушысының м.а.
2014 жылы - Қарағанды облысы сот актілерін орындау департаментінің Ұлытау аумақтық бөлімі филиалының басшысы-аға сот орындаушысы.
2014-2016 жылдары - Қарағанды облысы әділет департаменті Ұлытау аумақтық бөлімі филиалының басшысы-аға сот орындаушысы.
2016-2017 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жезқазған қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау және мониторинг бөлімі бас маманы.
2017-2018 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ұлытау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау бөлімі жетекші маманы.
2018 жылдың 05 мамырынан бастап Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінің әкімі болып тағайындалды.




