
Өмірбаян
Султанов Сагат Нуриденович 1965 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Шеңбер ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін "экономика" мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, 3 балалы.
Еңбек жолын 1982 жылы Ұлытау ауданы Шеңбер совхозының №3 фермасында шопан көмекшісі болып бастаған.
1983 жылы - Шеңбер совхозының автогаражында слесарь.
1986 жылы - Ұлытау ауданы Шеңбер совхозының №4 фермасында шопан көмекшісі.
1986-1991 жылдары - Ұлытау ауданы Шеңбер совхозының №4 фермасында тракторист.
1991-1993 жылдары - Шеңбер совхозының кассирі.
1993-1994 жылдары - Шеңбер совхозының автогаражында диспечер.
1994-1995 жылдары - Шеңбер совхозының №1 фермасында бухгалтер.
1995-2012 жылдары - "Султанов Сагат" жеке шаруа қожалығының жетекшісі.
2012-2013 жылдары - "Ұлытау ауданы Шеңбер ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің жетекші маманының м.а.
2017 жылы - Ұлытау ауданы Шеңбер ауылдық округі әкімінің м.а.
2017-2021 жылдары Ұлытау ауданы Шеңбер ауылдық округінің әкімі.
2021 жылдың 26 шілдесінен бастап Ұлытау ауданы Шеңбер ауылдық округінің әкімі болып қайта тағайындалды.




