Ишекенов Төлеген Есенұлы

    Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Ишекенов Төлеген Есенұлы
    Руководитель

    Ишекенов Төлеген Есенұлы

    Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1990 жылдың 21 наурызында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономика және бизнес бакалавры бойынша «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын, кейін 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін экономика және бизнес магистрі бойынша «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Тағайындалған күні: 27.03.2024 ж.

    2013 жылдың ақпан 2013 жылдың шілде айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі аға маман бухгалтері.

    2013 жылдың шілде 2013 жылдың тамыз айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік сатып алу бойынша іс қағаздарын жүргізушісі.

    2013 жылдың тамыз 2016 жылдың сәуір айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімінің жетекші маманы.

    2016 жылдың сәуір 2018 жылдың сәуір айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы.

    2018 жылдың сәуір 2019 жылдың мамыр айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі.

    2019 жылдың мамыр 2021 жылдың маусым айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы.

    2021 жылдың маусым 2024 жылдың наурыз айлары аралығында Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы.

    2024 жылдың 27 наурызынан Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері