
Молыбаев Есет Болатұлы
Ырғыз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Молыбаев Есет Болатұлы 1981 жылы Ырғыз ауданында дүниеге келген.
2003 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «Мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі» мамандығы бойынша бітірді.
2009 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша.
Еңбек жолын 2003 жылы «Алтын-Әсел» ЖШС-да мал өсіру селекционері болып бастаған.
2003-2004 жылдары Қазақстан армиясы қатарында Жамбыл облысы Тараз қаласындағы No5513 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген.
2005-2007 жылдары Ырғыз ауылдық округі әкімі аппаратының электр монтері, Ырғыз аудандық статистика басқармасының маманы.
2007-2012 жылдары Ырғыз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жылжымайтын мүлік орталығының басшысы, Ырғыз кентіндегі Мемлекеттік емес зейнетақы қоры МЗҚ АҚ қызмет көрсету орталығының меңгерушісі.
2012-2022 жылдары Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы, Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы, Ырғыз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы.
2022 жылдың қараша айынан Ырғыз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.


