
Оразғалиев Елдос Ғибадоллаұлы
Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1991 жылдың 18 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ұрысай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2013 жылы Жәңгір атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетін «Жануарлардың өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша, 2023 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Тағайындалған күні: 15.04.2024
2013 жылдың 16 қыркүйегі мен 2013 жылдың 31 желтоқсан аралығында Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде «жастар машықтамасы» бойынша машықкер.
2014 жылдың 8 қаңтар мен 2014 жылдың 16 маусым аралығында Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде – статист.
2014 жылдың 23 маусымы мен 2014 жылдың 31 желтоқсан аралығында «Дусмаилова Г.М» жеке кәсіпкерінде - кеңесші.
2016 жылдың 20 шілде мен 2019 жылдың 28 қараша аралығында Шыңғырлау ауданының ветериания бөлімінде - бас маманы.
2019 жылдың 2 желтоқсан мен 2021 жылдың 10 қазан аралығында Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер мониторингі жұмыстары бөлімінің бас инспекторы.
2021 жылдың 10 қазан мен 2024 жылдың 15 сәуір аралығында Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер мониторингі жұмыстары бөлімінің басшысы
2024 жылдың 15 сәуірінде Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.





