
Өмірбаян
1974 жылдың 29 наурызында Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жылтыр ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылы Ақтөбе байланыс колледжін «Бухгалтер» мамандығы, 2005 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
2003 жылдан 2006 жылға дейін «Шалқар аудандық қаржы бөлімі» ММ-нің жетекші маманы, 2006 жылдан 2014 жылға дейін «Шалқар аудандық қаржы бөлімі» ММ-нің бас маманы, 2014 жылдан 2016 жылға дейін «Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бас маманы, 2016 жылдың қазан айынан бастап «Шалқар аудандық қаржы бөлімі» ММ-нің бөлім басшысы болып тағайндалды.





