
Бурамбаева Әлия Сейлханқызы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
01.08.1978 жылы Шалқар ауданы, Шалқар қаласында дүниеге келген. Шалқар қаласының №39 орта мектебін бітірген. Білімі: жоғары Ақтөбе педогогикалық институтының, Филология факультеті, Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы, Орта-Азия университетінің заң факультеті заңгер мамандығы бойынша бітірген.
1999-2000- ж.ж. – Ақтөбе медициналық колледжі Шалқар филлиалының оқытушысы. 2001-2003 ж.ж. – Шалқар аудандық сотының сот орындаушысы. 2003-2009 ж.ж. – Шалқар аудандық әділет басқармасының жетекші маманы. 2009-2013 ж.ж. – «Шалқар қаласы әкімдігі»ММ құрылымдық бөлімшенің жетекшісі. 2013-2016 ж.ж. – «Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. 2016-2018 ж.ж. – Шалқар ауданды әкімінің орынбасары. 2018 жылдың наурыз айынан бастап «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарып келеді.





