
Тлеуберлина Айнұр Маулетханқызы
Талдықорған қаласы әкімінің аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі)нің басшысы
Өмірбаян
Тлеуберлина Айнұр Маулетханқызы 1986 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін, информатика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылдан Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу жөніндегі бас маманы болып бастаған.
2014-2017 жылдары Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу жөніндегі бас маманы;
2017-2018 жылдары Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы;
2018-2023 жылдары Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бойынша бас инспекторы және бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) басшысы;
2023 жылдан-2025 жыл аралығында Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бас инспекторы қызметін атқарған.
2025 жылдың 03 қазанынан Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) басшысы қызметіне тағайындалды.

