
Жанғалиев Алишер Қамбарұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1989 жылы 29 тамызда Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.
2011-2012 жылдары – Халыққа қызмет көрсету орталығында кеңесші;
2012 жылы – Атырау қаласы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің инспекторы;
2013-2019 жылдары – Атырау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы;
2019-2021 жылдары – Атырау қаласы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің басшысы;
2021-2023 жылдары – Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
2023 жылдың қараша айынан бастап Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

