
Ахметов Кадыр Есенгельдинович
Быструха ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1970 жылы 23 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Дирижабль ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2001 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және муниципалды басқар» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын ШҚО Өскемен қ. Никитин совхозының құрылыс цехында жұмысшы болып бастады (1989); Кеңес Армиясы қатарында қызмет ету (1989-1991); Өскемен қ. «Промстрой» құрылыс басқармасының 3-разрядты бригадирі (1991); Өскемен қаласы Алтайсвинецстрой трестінің тұрғын үй-коммуналдық кеңсесінің 2-разрядты үй басқармасының слесарь-сантехнигі (1991); Өскемен титан-магний комбинатының 3-разрядты монтажшысы (1991-1992); ҚР Ішкі істер органдарындағы қызмет (1992-1994); ШҚО облыстық тұтыну одағының сауда-көтерме бірлестігін жабдықтау жөніндегі инженер (1995); Шығыс Қазақстан облыстық тұтыну одағының коммерциялық бөлімінің 1 санатты тауартанушысы (1995); Өскемен қ. облыстық «Дидар» газеті редакциясының фотографы (1995-1996); Өскемен қ. «Предгорненский нефтепродукт» АҚ аға операторы (1996-1997); «Өскемен нан зауыты» АҚ директорының өндіріс жөніндегі орынбасары (1997); «Глубокое нан зауыты» АҚ бас директоры (1997-2000); Өскемен қ. «Шығыс Алтын Бидай» ЖШС директоры (2000-2005); Өскемен қ «СК Атланта Полис» АҚ ШҚФ жүргізушісі (2005-2007); ШҚО «СК Транс Ойыл» АҚ жүргізушісі (2007); ШҚО "Транс Ойыл СК" АҚ директорының орынбасары (2007-2013); «Казгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалының қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы (2013-2019); «Казгидромет» РМК филиалының ақпараттық-техникалық бөлімінің бастығы (2019); «Казгидромет» РМК филиалының трансшекаралық бекеттеріндегі жер үсті суларының мониторингі тобының жетекші инженері (2019-2020); «Казгидромет» РМК филиалының қаржы-әкімшілік бөлімінің шаруашылық секторының меңгерушісі (2020-2022).
2023 жылғы 13 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Опытное поле ауылдық округінің әкімі болып сайланды.



