
Өмірбаян
Ержан Оралбек Оразбекұлы 20 қараша 1970 жылы Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округінде дүниеге келген. 1977 жылы Ы.Жақаев ауылындағы № 149 «Қызылту» орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1987 жылы 10 сыныпты бітіріп шыққан. Білімі жоғары. 2011 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін экономист мамандығын алып шыққан.
Еңбек жолы:
01.10.1989 ж - 30.05.1990 ж аралығында Ы.Жақаев атындағы ұжымшарда жұмысшы;
06.1990 ж - 04.1992 ж аралығында Москва қаласында әскер қатарында; 01.04.1992 ж - 03.04.1993 ж аралығында Ы.Жақаев атындағы ұжымшарда жұмысшы;
03.04.1993 ж - 30.05.1994 ж аралығында Ы.Жақаев ұжымшарының Жастар ісі жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары;
01.06.1994 ж - 23.05.2006 ж аралығында Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппаратында әскери есеп стол маманы;
23.05.2006 ж - 01.02.2008 ж аралығында Иіркөл ауылдық округі әкімі аппаратының маманы,
01.02.2008 ж - 08.08.2013 ж аралығында Иіркөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
08.08.2013 ж - 25.08.2014 ж аралығында Иіркөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, статисті;
25.08.2014 жылдан осы уақытқа дейін Иіркөл ауылдық округі әкімі аппаратының шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маманы қызметін атқарып келеді.
Отбасылы.




