
Хасанов Марат Ізмұханұлы
Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Хасанов Марат Ізмұханұлы 1988 жылы 30 қыркүйекте Құрманғазы ауданы, Дыңғызыл ауылында дүниеге келген. Ұлты–қазақ. Отбасылы.
Білімі–жоғары.
2009 жылы Атырау аграрлы-техникалық коледжін «тТехник – жерге орналастырушы» мамандығы бойынша және 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «техника және технологиялар бакалавры» бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы 2012-2016 жылдары «Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «геодезист»,
2016 жылы, «Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «инструктор»,
2016 - 2018 жылдары «Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман,
2018-2019 жылдары «Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы,
2019 жылдан бастап, "Құрманғазы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары,
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып келді.
2022 жылдан бастап Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.



