
Өмірбаян
Мархаба Закирянқызы Жақаева 1964 жылы 25 наурызда Көкшетау облысы Қызыл әскер ауданы Қантеміровші ауылында туған.
2005 жылы орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы СҚО Тимирязев ауданы Дзержинский орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
2002 жылғы қаңтардан 2013 жылғы тамыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып жұмыс істеген.
«Сайланған ауылдық округтердің әкімдерін тіркеу туралы» аудандық сайлау комиссиясының шешімі негізінде 2013 жылғы 8 тамыздағы аудан әкімінің өкімімен Светлопольск ауылдық округі әкімінің м.а. болып тағайындалды.
Қызылжар ауданы әкімінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 301 өкімімен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.




