
Өмірбаян
1980 жылы 27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Д. А. Қонаев атындағы гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген;
2016 жылы – Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1997 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы «Луч» ЖШС жұмысшы болып бастады.
2001 ж. — Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Красный Кордон ауылы, «Қақпақтас» ҚХ бухгалтері;
2003 жылы — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы «Гусаков ауылдық округі Гусаковка ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің маманының міндетін атқарушы;
2003-2007 жж.— Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылының «Гусаков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің маман-жерге орналастырушысы;
2007-2011 жылдары — «Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимка ауылы;
2011-2013 жж. — ҚР ТЖК ҚҰЗР Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының бас маман-мемлекеттік инспекторы, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы;
2013-2014 ж.ж. — ҚР ТЖК ҚҰЗР Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы басқармасының Петропавл қаласы бойынша бөлімінің басшысы;
2015-2018 жылдары — «Солтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маман-мемлекеттік инспекторы;
2018-2020 жылдары — «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ басшысының орынбасары, Ғ. Мүсірепов ауданы, Новоишимское ауылы;
2020-30.09.2022 — «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ басшысы, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, Новоишимское ауылы;
03.10.2022 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін — «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы.




