Рудер Владимир Павлович

    Березов ауылдық округінің әкімі

    Рудер Владимир Павлович
    Аким

    Рудер Владимир Павлович

    Березов ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Рудер Владимир Павлович, 1972 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, Возвышен ауданы, Таман дивизиясы ауылында дүниеге келген.

    М.Қозыбаева ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "География, экология", "жаратылыстану ғылымдарының магистрі" мамандықтар бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1995 жылы Қызылжар ауданы, Березовка негізгі мектебінде химия және география пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары Қызылжар ауданы мектептерінде және М. Қозыбаева ат. СҚМУ мұғалім, аға оқытушы, директор болып жұмыс істеді.

    2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Березовка ауылының "Серябряный бор" балалар сауықтыру лагерінің директоры болды.

    Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Петропавл қаласы Солтүстік Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан университетінің "Мирас" оқу-өндірістік кешенінің үйлестірушісі болып жұмыс істеді.

    "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес 2023 жылғы 27 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы сайлау комиссиясының шешімі негізінде Қызылжар ауданының Березов ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері