
Толеубеков Эльдар Толеубекович
Директоры Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК
Өмірбаян
Мен, Толеубеков Эльдар Толеубекович, 1967 жылғы 8 қарашада Өскемен қаласында дүниеге келдім.
Ата-анам: әкем — Сансызбаев Толеубек Сансызбайұлы, (1941-2025жж)
Анам — Назарова Мариям Нафиковна (1939–1990 жж.).
1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылындағы В.П. Чкалов атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1984 жылы 10-сыныпты аяқтадым.
1984 жылы Семей зооветеринария институтының «Ветеринария» факультетіне 1-курсқа оқуға түсіп, 1992 жылы 5-курсты тәмамдадым.
1985 жылғы қараша айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, РСФСР, Пермь қаласы, Большая Совина ауылындағы №21173 әскери бөлімде радиотелеграфист қызметін атқардым. 1987 жылы әскери қызметтен босатылдым.
1985 жылы Мажекенова Айжан Амангелдіқызымен некеге тұрдым (қазіргі Төлеубекова).
Балаларым:
— ұлым Толеубеков Эльназ Эльдарович, 1986 ж. туған;
— ұлым Төлеубеков Ұлыбек Эльдарұлы, 1992 ж. туған.
1992 жылы Жаңа Семей ауданы, Семей облысы, «Приречный» совхозына цехтық мал дәрігері болып жұмысқа қабылданып, 2000 жылға дейін еңбек еттім. Сонымен қатар 1995 жылдан 2000 жылға дейін тұрғылықты жерім — Приречное ауылында «Қоғамдық тәртіпті қорғау» бағытында милицияның штаттан тыс қызметкері болып жұмыс атқардым.
2000 жылдың қыркүйек айында тұрақты тұру үшін Өскемен қаласына көшіп келіп, Попов көшесі, 78-үй мекенжайында қазіргі уақытқа дейін тұрамын.
2000–2001 жылдары «Изыскатель» ЖАҚ-та күзетші болып жұмыс істедім.
2001 жылғы маусымнан 2005 жылғы қазанға дейін Өскемен қаласының «Аумақтық ауыл шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінде ветеринариялық инспектор болып қызмет атқардым.
2005 жылғы қазаннан 2006 жылғы ақпанға дейін Өскемен қаласы әкімінің аппаратында қала әкімінің көмекшісі болып жұмыс істедім.
2006 жылғы ақпаннан 2010 жылғы шілдеге дейін «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-де тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, ал 2007 жылдан бастап мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқардым.
2010 жылдан бастап ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық Достық үйі» КМКҚ директоры болып қызмет еттім.
2013 жылдан бастап қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
2014 жылғы қараша айынан 2020 жылғы 29 қаңтарға дейін ШҚО әкім аппаратының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры болып қызмет атқардым.
2020 жылғы 29 қаңтардан 2021 жылғы 05 сәуірге дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болдым.
2021 жылғы 10 маусымнан 2022 жылғы 25 наурызға дейін «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқардым.
2022 жылғы 25 наурыздан бастап ШҚО ішкі саясат басқармасының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» КММ басшысы.
2015 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталдым.
2019 жылдан бастап облыстық аумақтық комиссия Төрағасының орынбасары.
2019 жылы ҚР Президенті атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен марапатталдым.
2020 жылғы 29 қаңтардан бастап Өскемен қаласы әкімдігінің әкім орынбасары.
10.06.2021 жылдан бастап Өскемен қалалық «Нұр Отан» (қазіргі «Аманат») партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
2023 жылғы 25 наурыздан бастап ШҚО ішкі саясат басқармасының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» КММ басшысы.
2023 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.А. Әзілхановтың атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының «АЛҒЫС» төсбелгісімен марапатталдым.




