
Фанина Людмила Анатольевна
"Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы
Өмірбаян
Фанина Людмила Анатольевна 1970 жылғы 1 қарашада Торғай облысы Державин қаласында дүниеге келген.
1992 жылы биолигия- химия мамандығы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын бітірді.
Еңбек жолын 1992 жылы Торғай облысы, Арқалық ауданы Родина орта мектебінің биология және химия мұғалімі болып бастады.
1993 жылдан 1994 жылға дейін Торғай облысы Арқалық аудандық әскери коммисариаты №4 бөлімі бастығының көмекшісі болды.
1994-1997 жылдар арасында Арқалық аудандық мәслихатының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1997-2002 жылдары «Арқалық қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің маманы.
2002-2005 жылдары «Арқалық қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2005-2006 жылдары «Арқалық қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің бастығының қызметін атқарды.
2006 жылдан қазіргі уақытта «Арқалық қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы.
