
Елтебаева Гульбану Тукеновна
Арқалық қалалық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Елтебаева Гулбану Тукеновна 1965 жылы 20 маусымда Қостанай облысының Амангелді ауданының "Коммунизм жолы" ауылында дүниеге келді.
1982 жылы Арқалық қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы №1 орта мектепті тамамдады.
1982-1987 жылдары Полтова мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінде оқыды.
2006-2009 жылдары З. Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде оқып, тарих мамандығы бойынша екінші жоғары мамандықты алды.
Еңбек жолын 1987 жылы Арқалық қаласындағы №4 орта мектепбінде мұғалім болып бастады.
1990-2001 жылдары Арқалық саз және гуманитарлық училищесінде оқытушылық қызметті атқарды.
2001 жылдан 2006 жылға дейін Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайының ғылыми қызметкері болды.
2006 - 2010 жылдары «Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы»ММ аудармашы-инспектор қызметін атқарды.
2010 жылдан 2017 жылға дейін Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайының директоры қызметін атқарды.
2012 жылдың қаңтарында №13 Терсақан округінің депутаты болып сайланды.
2017 жылдың 10 тамызында Арқалық қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
2023 жылдың наурызында №2 округінің депутаты болып сайланды.
2023 жылдың 30 наурызында Арқалық қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының бірінші сессиясында Арқалық қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
