Нарматов Еділжан Ахтанбердіұлы

    Көріктендіру бөлімінің басшысы

    Нарматов Еділжан Ахтанбердіұлы
    Руководитель отдела

    Нарматов Еділжан Ахтанбердіұлы

    Көріктендіру бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Нарматов Еділжан Ахтанбердыұлы 1990 жылы 23 маусымда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында дүниеге келген.

    2009 жылы Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ-дің экономикалық колледжін экономика, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірді.

    2012 жылы Тұрар Рысқұлов ат. Қазақ экономикалық университетін қаржы бакалавр мамандығы бойынша аяқтады.

    2015 жылы М.Х.Дулати ат. Тараз мемлекеттік университетін сәулет бакалавры мамандығы бойынша оқып шықты.

    Мансап

    2013-2014 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты коммуналдық-шаруашылық бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, жетекші маманы, бас маманы болып қызмет атқарды.

    2014-2016 жылдар аралығы Алматы қаласы Құрылыс басқармасының Ішкі бақылау қызметінің бас маманының маманының міндетін атқарушы, бас маман лауазымында жұмыс жасады.

    2016-2017 жылы Жамбыл облысында «СМА Кулансервис» ЖШС-нің бухгалтері қызметінде жұмыс істейді.

    2017-2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мониторинг және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы ретінде қызмет жасады.

    2018-2019 жылдары Жамбыл облысы.Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысының орынбасары болып жұмыс атқарды.

    2019-2020 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыру, бақылау бөлімінің басшысы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымында қызмет жасады.

    2020 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты көріктендіру бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері