Әміренов Талғат Айтқалиұлы

    Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

    Әміренов Талғат Айтқалиұлы
    Руководитель отдела

    Әміренов Талғат Айтқалиұлы

    Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Жонкин Әлихан Ұстараұлы 1977 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 1998 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1998 жылдың қыркүйегінде Қарағанды облысы прокуратурасының Шет ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады.

    2003 жылдан 2008 жылға дейін Қарағанды облысы Шахтинск қаласы прокурорының аға көмекшісі, Қарағанды облысы прокуратурасы Тергеу басқармасының ішкі істер органдарындағы алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы және кеден органдарының алдын ала тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Қарағанды облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) Тергеу басқармасының сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстарды тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі қызметтерін атқарды.

    Әр жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Қарағанды филиалында құқықтық мәселелер, мемлекеттік сатып алу және персоналды басқару бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскерлерді пәтерлерге орналастыру басқармасының «Қарағанды аудандық пайдалану бөлімі (гарнизоны)» РММ құжаттама бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№7 қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ КМК құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің, комплаенс-қызметінің басшысы лауазымдарын атқарды.

    2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап – Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері