
Сембаев Еркебұлан Алдашұлы
Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Еркебұлан Алдашұлы Сембаев 2020 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына басшы орынбасары қызметіне тағайындалған. Жоғарғы білімді Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында “инженер-құрылысшы, сәулетші” мамандығы бойынша тәмамдаған. Саладағы жұмыс өтілі 22 жыл.
1999 жылдан бастап Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы департаментінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекшісі, бас маманы қызметтерін атқарды.
2009 жылдың наурыз айынан 2011 жылдың сәуір айына дейін "Алматыжер" ЖерҒӨО өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.
2011 жылы Алматы қаласы сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жетекші маманы болды.
2013 жылдан 2018 жылға дейін инженерлік желілер бөлімінің бас маманы, 2018 жылдың наурыз айынан бастап Бостандық ауданы бойынша сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
Алматы қаласының қалалық ортаны жетілдіру және жақсарту жөніндегі жобалау жұмыстары мен Бас жоспарын іске асыру шеңберінде атқарылған жұмыстары:
- Алматы қаласының көшелерін қайта жаңарту бойынша қала құрылысы жобалары;
- Наурызбай ауданының аумағында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы;
- Alatau Golf Residence, "Астана", Dolce Vita Residence тұрғын үй кешендерінің тұжырымдамасы.
Басшы ретінде жұмысының негізгі бағыты нәтижеге бағытталған, әр қызметкердің міндеттері уақытылы, жедел және сапалы орындалуына қол жеткізеді.
Кәсіби салада да, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару саласында да жан-жақты білімі мен тәжірибесі үлкен. Қазіргі уақытта әріптестеріне үлгі бола алатындай, өз біліктілігін, білім деңгейі мен дағдыларын арттырып отырады

