Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы
Сәулет, қала құрылысы саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделер есебімен халықтың өмір сүру және тіршілік ету аймағын қалыптастыру және толыққанды жағымды ортаны дамыту.
Жаңалықтар
Құжаттар
«Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «___» қыркүйектегі №____ қаулысына 2-қосымша «Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы) Алматы қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050000, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90. Осы Ереже Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылтай құжаты болып табылады. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасына кәсіпкерлік субъектілерімен Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі. 2-тарау. «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері Мақсаттары: транзиттік-бағдарлық даму, көп орталықты, қадамды қолжетімділік қағидаларында қала құрылыстық жоспарлау; азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтары мен мүдделерін есепке алып, оның ішінде халықтың аз қамтылған топтарына қолжетімді ортаны қамтамасыз ететін сәулет-қала құрылыстық сапасын арттыруға бағытталған құрылыс салудың заманауи стандарттарын енгізу; ең үздік тәжірибелер бойынша алдыңғы цифрлық технологиялардың көмегімен қала құрылысы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін, жылдамдығын және қолайлылығын қамтамасыз ету. Өкілеттіктері: құқықтары: мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпарат пен қорытындыларды сұратуға және алуға; Алматы қаласының әкіміне Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге; Алматы қаласының әкіміне Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулысының жобаларын, шешімдердің және әкімнің өкімдерін және Мәслихаттың шешімдерін бекітілген тәртіпте енгізуге; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап арызбен жүгінуге; Құзіреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыруға; жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушысы болуға; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге құқықтар. міндеттері: қоғамдық, экономикалық және экологиялық басымдығын есепке алып, қаланы тұрақты дамытудың кешенді қала құрылыстық стратегиясын жүзеге асыруды үйлестіру, қалыптастыру; Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдар сұраған ақпаратты ұсыну; Алматы қаласы әкімдігімен ұйымдастырылатын жұмыс топтарының құрамына кіреді; Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді көрсету; Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарына жауап беру; Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды және кәсіпорындар мен ұйымдардың азаматтарын қабылдауларды ұйымдастыру; Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастыратын әртүрлі іс-шараларға қатысу; Қала құрылысы жобаларына цифрлық картадан тиісті үзінділерге салыстырып тексеру жүргізу; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге міндеттер. Функциялары: Алматы қаласының аумағында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу; Шеберлік-жоспар тұжырымдамасын, қалаларды жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі негізінде транзиттік-бағдарлық, көп орталықты дамыту қағидаларын есепке алып бас жоспарды және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, Алматы қаласының Шеберлік-жоспарын әзірлеу және жүзеге асырылуына көмек көрсету; Шеберлік-жоспар Тұжырымдамасы және Алматы қаласының Шеберлік-жоспарына сәйкес қала құрылыстық құжаттама әзірлеу; Алматы қаласын дамытудың бас жоспарын және Алматы қаласына ықпал ету аймағының қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеу және жүзеге асыруды үйлестіру; Алматы қаласының аумағында егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу; пайдалануға берілетін объектілердің есебін жүргізу және салынып жатқан объектілердің мониторингі; таңдаулы урбанистика тәжірибелеріне сәйкес қалалық ортаны жайғастырудың ортақ стандарттарының сақталуын жүзеге асыруға қатысу, оның ішінде халықтың барлық топтары үшін инклюзивті қамтамасыз ету арқылы жаяу жүргіншілер аймақтарын, көлік және өзге қоғамдық аймақтарды көріктендіру; стандарт әзірлеу, сыртқы жарнама орналастыру, ғимараттардың қасбеттерін көркемдеу және сәулеттік келбетті қалыптастыратын өзге қызметтерге бақылау жасау; геоақпараттық жүйелер әзірлеу және жүргізу; келешек экономикалық дамудың функционалдық аймақтарын анықтау; аудандық әкімдіктер және құрылыс салу жобаларының әкімшілерімен бірлесіп нақты жоспарлау жобаларына, қоғамдық кеңістік жобаларына қоғамдық тыңдалым жүргізу; қызметтің тиімділігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын, ашықтығы, жылдамдығын және қолжетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыру; ашықтық және есепберушілік қағидаларында мемлекеттік қызмет алушыдардың қанағаттандырылуын жоғарылату үшін мемлекеттік қызмет көрсету; тапсырысшыларға жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмаларын әзірлеу және беру; Алматы қаласы «Мекенжайлық тізілім» ақпараттық жүйесін жүргізу және толықтыру; діни ғимараттар құрылысы, олардың орналасқан орындары, сондай-ақ діни қызмет саласында уәкілетті органның келісімі бойынша нысандардың функционалдық мақсаттарын діни ғимараттар, имараттарға өзгерту туралы шешімдер беру; Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу нысандарының құрылысына қатысушылардың қызметін жүйелендіру; бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жер учаскелеріне құқықтар беру, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту және объектілерді салу үшін берілген жер учаскелерінің жалдау мерзімін ұзарту, жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау туралы өтініштерді қарау; жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау; өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау; Алматы қаласы дизайн-кодының талаптарын сақтауға маңдайшалардың, ғимараттар қасбеттерінің, қалалық ортаны жарықтандырудың, навигация жүйелерінің, көше жиһаздарының, қоршаулардың мониторингін жүзеге асыру; петицияларды қарау; қаланың Бас жоспарының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу; мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру; республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлеу және сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi органға келісу үшін енгізу; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумақтарының шекараларын келісу; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге функциялар. 3-тарау. «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасын басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы бірінші басшысының өкілеттіктері: Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді; өзінің орынбасарлары мен Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды; Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін жеке жауап береді; заңнамаға сәйкес Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; дәйексіз деректерді (қала құрылысы жобаларынан үзінді көшірмелер) ұсынғаны үшін жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарайды; заңнамамен бекітілген тәртіпте Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлерін ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады; өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады; Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылымын және Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлімдері туралы ережені бекітеді; мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы атынан сөйлейді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады. Алматы қаласыСәулет және қала құрылысы басқармасының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды. 4-тарау. «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 5-тарау. «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
«Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ Алматы қаласының бас жоспарын түзетуді стратегиялық экологиялық бағалаушеңберінде ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды. Аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірлік: Алматы қаласы. Әсер ету аумағының географиялық координаттары: 43°13'35.84"С, 76°54'8.50"Ш. Қоғамдық тыңдаулардың өткізілетін орны, күні мен басталу уақыты: 2026 жылғы 30 маусым сағат 09:00-де,мекенжайы:Алматы қ., Абай даңғылы, 90, конференцзал (қатысушыларды тіркеу сағат 08:00-де басталады). Қоғамдық тыңдаулар аралас форматта (ашық жиналыс және бейнеконференцбайланыс) өткізіледі. Бейнеконференцбайланыс (ZOOM) платформасына сілтеме: https://us06web.zoom.us/my/shahanov?pwd=c21oWE5pU2NFTTJvQmgvZ00yRE1hdz09 Конференция идентификаторы: 898 4420 7110, Кіру коды: 138835 https://us06web.zoom.us/j/89168763554?pwd=lQ9dgY7tHhxuq01YcM83sYj7XMFx3Q.1 Конференция идентификаторы: 891 6876 3554, Кіру коды: 535678 Жоспарланған қызметтің бастамашысы: «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ, БСН 990740001176, заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90-ғимарат, тел.: +7 (727) 240-80-02, эл. пошта: [email protected], сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uaig?lang=ru. Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, БСН: 090340006997, мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90-ғимарат,тел.: +7 (727) 265-90-01,эл. пошта: [email protected],«Джунусова» ЖК (Гульнара Алеевна Джунусова), мекенжайы: Алматы қ., Декарт көшесі, 7/2 үй. Телефон: 8 777 389 44 20. Эл. пошта: [email protected]. Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын жобалық құжаттама топтамасымен порталда: https://ndbecology.gov.kz/, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-eco/press/article/details/37013?lang=ru және «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ-нің https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uaig?lang=ru ресми интернет-ресурсында танысуға болады. Жоспарланған қызмет, қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы қосымша ақпаратты алу, сондай-ақ құжаттардың көшірмелерін сұрату үшін мына мекенжайларға жүгінуге болады: [email protected], [email protected]. Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейпорталда https://ndbecology.gov.kz, сондай-ақ келесі электрондық пошталар арқылы қабылданады: hearings.ndbecology.gov.kz; [email protected], немесе қағаз түрінде мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Республика алаңы, 4, тел: +7 727 272 5494. Жергілікті атқарушы орган –«Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ, мекенжайы: ҚР, 050000, Алматы қ., Республика алаңы, 4, сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-eco?lang=ru, электрондық пошта: [email protected], тел: +7(727) 338-32-15.