
Есенбаев Бақдәулет Мұқанұлы
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Есенбаев Бақдәулет Мұқанұлы 1995 жылғы 28 сәуірде Қарағанды қаласында, Қарағанды облысында дүниеге келген.
2013–2017 жж. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тарих факультетін бітірді, сондай-ақ 2016 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы әскери кафедрада оқуын аяқтады. Запастағы капитан әскери атағы бар.
2017–2019 жж. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінің магистратурасын аяқтады.
Еңбек қызметін 2019 жылы Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты КММ-де жастар тәжірибесінен бастады.
2020 жылы — «First Heartland Jysan Bank» АҚ бөлшек бизнес клиенттеріне қызмет көрсету департаментінің кіріс қоңыраулар басқармасының маманы.
2021 жылы — «First Heartland Jysan Bank» АҚ бөлшек бизнес клиенттеріне қызмет көрсету және бас банктің ақпараттық технологиялар департаментінің кіріс қоңыраулар басқармасының менеджері.
2023 жылы — Астана қаласы Есіл аудандық соты әкімшілігінің аға сот приставы; Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілігінің аға сот приставы.
2024 жылы — Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілігінің бас маманы – сот отырысының хатшысы; Алматы қаласы Білім басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы; Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілігінің сот приставы.
2025 жылы — «Алматы су» ШЖҚ МКК дебиторлық берешекті өндіріп алу жөніндегі маманы; Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының мемлекеттік сатып алу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы; Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының құқықтық, экономикалық және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

