Қалыбеков Фазыл Төремұратұлы

    Тасбөгет кенті әкімінің міндетін атқарушы

    Қалыбеков Фазыл Төремұратұлы
    И.о. руководителя отдела

    Қалыбеков Фазыл Төремұратұлы

    Тасбөгет кенті әкімінің міндетін атқарушы

    Өмірбаян

    Қалыбеков Фазыл Төремұратұлы 1985 жылдың 17 мамырында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген.
    Білімі жоғары. 2008 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда қаласындағы Қаржы және құқық колледжінің экономика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
    2006–2007 жж. – Қызылорда қаласындағы Экономика, білім және құқық колледжінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі,
    2007–2010 жж. – Қызылорда қаласы Т.Жургенов атындағы №136 қазақ орта мектебінде қолданбалы экономика пәнінің мұғалімі,
    2010–2012 жж. – Қызылорда қалалық «Тұрғын үй қызметі» мемлекеттік коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнының заңгері,
    2012–2014 жж. – Қызылорда қаласының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы,
    2014–2015 жж. – Қызылорда қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің статисті,
    2016–2017 жж. – Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің консультант-көмекшісі қызметтерін атқарған.
    2017 жылдың 5 қаңтарынан бастап Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппаратында бас маман болып жұмыс жасап келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері