
Тоғызбаева Назира Асылбекқызы
Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі
Өмірбаян
Тоғызбаева Назира Асылбекқызы 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын «экономика және басқару» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Жұмыс тәжірибесі:
1998 ж. - «Казагропромбанк» АҚ Ақтөбе қалалық филиалының клиенттерге қызмет көрсету маманы
1999 ж. - «Бейбарс» ЖШС есепші
1999 ж. - Қызылорда әкімі аппаратының қалалық экономика бөлімінің маманы
2000 ж. - Қызылорда облысы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау тобының жетекші маманы
2001 ж. - Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриалды даму бөлімінің жетекші маманы
2002 ж. - Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриалды даму бөлімінің бас маманы
2003 ж. - «ECOTERA» ЖШС маманы
2004 ж. - «DZET GROUP» ЖШС Тәуелсіз сараптама орталығының сарапшы-экономисті
2005 ж. - Буындар аурулары институтының қаржы директоры
2008 ж. - ШЖҚ «Алматы қаласының салынып жатқан метрополитенінің дирекциясы» КМК жоспарлау-қаржы бөлімінің жетекші экономисті
2008 ж. - ШЖҚ «Алматы қаласының салынып жатқан метрополитенінің дирекциясы» КМК жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші экономисті
2008 ж. - ШЖҚ «Алматы қаласының салынып жатқан метрополитенінің дирекциясы» КМК жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы
2009 ж. - «Roberts healthcare Kazakhstan» ЖШС қаржы директоры
2016 ж. - Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы
2020 ж. - Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары
2021 ж. - Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы
2022 жылдың маусым айынан бастап, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
2023 жылдың мамыр айынан бастап, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі



