
Өмірбаян
1964 жылы 04 маусымда Жамбыл облысы, Жамбыл қаласында туылған.
1985 жылы Алматы энергетикалық институтының «Инженер-энергетик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Южгорсельпроект» ГПИ Жамбыл филиалында инженер-жобалаушы болып бастаған.
1992-1993 жылдары Жамбыл аудандық әкімшілігі коммуналдық меншік бөлімінің аға маманы,
1993-1994 жылдары Жамбыл аумақтық мемлекеттік мүлік жөніндегі комитеті Жамбыл ауданы жекешелендіру бөлімінің бас маманы,
1994-1996 жылдары Жамбыл ауданы әкімшілігінің сәулет және құрылыс бөлімінің мемлекеттік сәулет –жоспарлау мекемесінің инженері,
1996-2004 жылдары Жамбыл аудандық электр жүйесінің өткеру бөлімінде бақылаушы, техник, инженер, бөлім басшысының орынбасары,
2004-2005 жылдары Тараз қалалық электр жүйесінде аға инженері, аға маман-сметашы,
2005-2013 жылдары Жамбыл ауданы әкімиятының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман,
2013 жылы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы,
2013-2016 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.
2016 жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің басшысы қызметін атқаруда.





