Телеуов Жомарт Тешебайұлы

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Телеуов Жомарт Тешебайұлы
    Руководитель отдела

    Телеуов Жомарт Тешебайұлы

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1986 жылы 25 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында туылған. 2008 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Тарих», 2018 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1987 жылы Свердлов ауданындағы Абай атындағы колхоз мүшесі болып бастаған.

    1992-2015 жылдар аралығында Жамбыл облыстық көлік прокуратурасында кеңсе меңгерушісі, Жамбыл қалалық Заводской аудандық прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі, Заводской аудандық прокурорының көмекшісі, Тараз қалалық прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Сарысу аудандық прокурорының орынбасары, Байзақ аудандық прокурорының аға көмекшісі, Жамбыл аудандық прокурорының орынбасары, Мойынқұм аудандық прокурорының орынбасары, Жамбыл облыстық прокуратурасының заңдылығын тергеу және анықтау жөніндегі қадағалау басқармасының аға прокуроры, Жамбыл облыстық прокуратурасының сотқа дейінгі қылмыстық процесстің заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры, 2016-2018 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы, 2018-2022 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметтерін атқарған.

    Отбасылы, 3 ұл өсіріп, тәрбиелеуде.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері