Федюшкина Эльвира Ивановна

    Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары

    Федюшкина Эльвира Ивановна
    Заместитель руководителя

    Федюшкина Эльвира Ивановна

    Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Федюшкина Эльвира Ивановна 1967 жылы Молдова Республикасындағы, Унгенский ауданының, Петрешты ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Қаржы және банк ісі» мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 1986 жылы Молдава Республикасынның БПМО Фалештск филиалының технологі болып бастады.

    1987-1992 жылдары Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімінің милиционері болып жұмыс істеді.1992-

    1996 жылдары Шахтинск кассалық есеп айыру орталығы бухгалтериясының экономисті болып жұмыс істеді.

    1996-1998 жылдары Шахтинск қаласының бюджеттік банкі бөлімшесінің бас экономисі болып жұмыс істеді.

    1998-2005 жылдары Шахтинск қаласының қазынашылық бөлімінің операциялық бөлімшесінің бас маманы лауазымын атқарды.

    2005-2007 жылдары Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің Шахтинск қалалық қазынашылық бөлімінің құрылым бөлімшесінің басшысы, мемлекеттік бюджетті орындау сектороның меңгерушіс болып қызмет етті.

    2007 жылы Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің Шахтинск қаласының қазынашылық бөлімінің міндеттерді тіркеу және қаржы тобының бас маманы-бас қазынашысы лауазымын атқарды.

    2007-2010 жылдары «Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» ММ бюджетті орындау процессін үйлестіру секторының бас маманы болып қызмет етті.

    2010-2011 жылдары Қарағанды облысының, Шахтинск қаласының Ішкі Істер Департаментінің Қаржымен қамтамасыз ету тобының жетекші маманы болып қызмет етті.

    2011-2012 жылдары «Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» ММ бюджетті орындау процессін үйлестіру секторының бас маманы болып қызмет етті.

    2012-2014 жылдары «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ коомуналды меншікті басқарудың және бюджетті орындау процессін үйлестіру секторының бас маманы болып қызмет етті.

    2014-2018 жылдары «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау және бюджетті орындау секторының бас маманы болып қызмет етті.

    2018 жылдың 2 шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары лауазымын атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері