
Таширова Светлана Анатольевна
«Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Светлана Анатольевна Таширова 1969 жылы Рессей, Қорған облысы Мишкин ауданы Коровье ауылында дүниеге келген. Қарағанды Бизнес, Басқару және Құқық университетін «Қаржы және несие. Экономист» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1988 жылы Климовск қаласының В.Н. Доенин атындағы машина жасау зауытының бухгалтері болып бастады.
1993 жылдан бастап 1994 жылға дейін мамандандырылған коммерциялық жинақ банкінің Шахтинск қалалық №7823 бөлімшесінің бухгалтері болып жұмыс істеді.
1998 жылдан бастап 1999 жылға дейін Шахтинск қалалық қаржы бөлімі ЭТЖБ бас маманы, содан кейін «Шахтинск қалалық қан орталығы» КМКК бас бухгалтері болып жұмыс істеді.
2001 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.
2005 жылдан бастап 2006 жылға дейін «Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» ММ бюджетті орындау процессін үйлестіру бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.
2006 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» ММ бухгалтерлік есеп және бюджетті орындау бойынша есеп беру бөлімінің бас маманы, «Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» ММ бюджеттік есеп және бюджетті орындау бойынша есеп беру секторының бас маманы болып қызмет етті.
2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін «Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» ММ бас маманы лауазымын атқарды.
2015 жылы «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ материалдық бөлімінің бухгалтері, содан кейін «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ экономика салаларының дамуын талдау секторының бас маманының міндеттерін атқарды, «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ экономика салаларының дамуын талдау секторының бас маманы болды.
2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау және бюджетті орындау секторының бас маманы болып қызмет етті.
2016 жылдың 2 желтоқсанынан бастап қазіргі лауазымға тағайындалғанға дейін «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау және бюджетті орындау секторының меңгерушісі лауазымын атқарды.
