Омарова Сәуле Ғалиқызы

    Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

    Омарова Сәуле Ғалиқызы
    Руководитель отдела

    Омарова Сәуле Ғалиқызы

    Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Сәуле Омарова 1967 жылы 6 мамырда Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылында дүниеге келген.

    1990 жылы Қарағанды техникалық университетін тәмамдаған.

    2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірді.

    2002 жылы Алматы қаласының заң колледжін тәмамдаған.

    2012 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.

    1990 жылдың 7 тамызынан 1991 жылдың 29 шілдесіне дейін Алматы қаласы ОГМ технологиялық бөлімінің инженер-конструкторы.

    1991 жылдың 1 тамызынан 1993 жылдың 1 сәуіріне дейін №10 орта-кәсіптік-техникалық училище (СПТУ) ІІ санатты шебер, оқушылар кәсіподақ комитетінің босатылған төрағасы болып сайланды, Алматы қаласы, өндірістік учаскенің шебері болып ауыстырылды.

    1993 жылдың 1 сәуірінен 1995 жылдың 16 қаңтарына дейін Алматы қаласы Әуезов аудандық әкімшілігі жастар ісі жөніндегі комитетінің маманы.

    1995 жылдың 16 қаңтарынан 1997 жылдың 15 наурызына дейін Алматы қаласы Әуезов аудандық әкімшілігінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы.

    1997 жылдың 1 шілдесінен 14 қарашасына дейін Алматы қаласы Әуезов аудандық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі бас маманы.

    1997 жылдың 17 қарашасынан 2008 жылдың 1 желтоқсанына дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы.

    2008 жылдың 20 қазанынан 2008 жылдың 1 желтоқсанына дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің міндетін атқарушы.

    2008 жылдың 1 желтоқсанынан 2018 жылдың 6 наурызына дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы.

    2018 жылдың 6 наурызынан 2019 жылдың 20 қарашасына дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының басшысы.

    2019 жылдың 20 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері