Хасенов Серікболсын Асқарұлы

    Бурабай кентінің әкімі

    Аким

    Хасенов Серікболсын Асқарұлы

    Бурабай кентінің әкімі

    Өмірбаян

    Хасенов Серікболсын Аскарұлы, 1993 жылғы 19 маусымда Көкшетау облысы, Валиханов ауданы, Валиханово ауылында дүниеге келген.
    2015 жылы С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ды «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдады.
    2016 жылы С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың магистратурасын «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 2016 жылы Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК-да шаң дайындау жүйесінің машинист-қараушысы қызметінен бастады.
    2017 жылы станция ауысым бастығы болып ауыстырылды, 2018 жылы ПТО инженері, жетекші инженері болып еңбек етті.
    2019 жылы бас инженердің орынбасары болып тағайындалып, кейін материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

    2023 жылы Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК-да ПТО инженері қызметінен еңбек жолын жалғастырып, кейін жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы қызметіне ауыстырылды.

    2024 жылғы 1 шілдеден бастап «Жаңа Тұрмыс 2020» ЖШС-не өндіріс жөніндегі директордың орынбасары болып қабылданды.

    2025 жылғы 23 қыркүйектен бастап Бурабай кентінің әкімі болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері