
Өмірбаян
1959 жылы 9 қарашада Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы, Жылымды ауылында дүниеге келдім.
1979 жылдың мамыр айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, 1981 жылдың маусым айында әскерден босатылдым. Әскери қызметім № 21522 әскери бөлімінде өтті, орналасқан жері Душанбе қаласы, Тәжік КСР. Целиноград ауыл шаруашылығы институтында оқу кезінде әскери кафедрадан өттім және мото-атыс әскерлерінің аға лейтенанты атағында запастағы офицер болып табыламын.
1981 жылдың қыркүйек айынан бастап Целиноград ауыл шаруашылығы институтында зооинженер факультетінде зооинженер мамандығы бойынша оқып, 1986 жылдың маусым айында осы институтты бітірдім. Зооинженер біліктілігі
1986ж. шілде айынан қыркүйек айына дейін Щучинск ауданы, «Қотыркөл» совхоз-техникумының № 4 бригадасының комбайншысы болып жұмыс істедім.
1986 жылдың қыркүйек айынан 1997 жылдың қазан айына дейін № 2 сүт-тауар фермасында "Қотыркөл" совхозы-техникумында зоотехник болып жұмыс істедім.
1997 жылдың қазан айынан 1998 жылдың ақпан айына дейін «Клен» фирмасының № 2 сүт-тауар фермасында зоотехник болып жұмыс істеді.
1998 жылдың ақпан айынан 2001 жылдың тамыз айына дейін «Клен» фирмасының Қотыркөл ет комбинатында дайындаушы болып жұмыс істедім.
2001-2004 жылдары Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде заңтану мамандығы бойынша сырттай оқыдым, заңгер біліктілігі, № 035313 ЖБ дипломы берілді.
2002 жылдың тамыз айынан 2008 жылдың ақпан айына дейін Қатаркөл ауыл шаруашылығы колледжінің заң пәндерінің оқытушысы болып жұмыс істедім.
2008 жылдың ақпан айынан қазіргі уақытқа дейін Қатаркөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушымын.

