Байғаскина Зина Сапуанқызы

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әдеп жөніндегі уәкілі

    Байғаскина Зина Сапуанқызы
    Уполномоченный по этике

    Байғаскина Зина Сапуанқызы

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әдеп жөніндегі уәкілі

    Өмірбаян

    1964 жылы 1 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Архангелька ауылында дүниеге келген.

    1987 жылы Петропавл педагогикалық институтын, 2001 ж. - М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2007 ж - Орталық Азия университетін бітірген.

    Еңбек жолын 1987 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Покровка СПТУ-8-де тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.

    1989 жылдан 1992 жылға дейін Петропавл қалалық комсомол комитетінің идеологиялық бөлімінің нұсқаушысы, оқытушылық қызметпен айналысқан.

    1992 жылдан 2004 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істеді: облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі облыстық басқарма, облыс әкімі аппараты, «Петропавлдағы шағын кәсіпкерлік бойынша республикалық ақпараттық-көрме орталығы» филиалының директоры.

    2004 жылдан бастап 2011 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Агенттіктің аумақтық басқармасы бастығының орынбасары, осы басқармасының мемлекеттік қызмет бөлімінің бастығы.

    2011 жылдан 2015 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

    2015 - 2018 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Агенттіктің аумақтық басқармасының консультанты, Агенттіктің Мемлекеттік қызметіндегі бақылау департаментінің бас консультанты.

    2018 – 2019 ж.ж. - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әдеп жөніндегі уәкілі.

    2019 – 2020 ж.ж. - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі.

    2020-2022 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Персоналды басқару департаментінің директоры .

    2022 жылғы 23 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі лауазымына тағайындалды.