
Өмірбаян
Бекбосынова Ләззат Жүнісқызы, 01 Қараша 1971 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылында туған. Ұлты-қазақ, ана тілі - қазақ, орыс тілдерін жетік біледі.
1997 жылы Семей мемлекеттік университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша, бухгалтерлік есеп және аудит факультетін сырттай оқу бөлімі бойынша бітірген.
Мансап
- 1993-1997 жылдары-Алматы облысы, Қапал ауданы, Қапал аудандық орталық ауруханасында есепші болып жұмыс істеді.
- 1998 жылдан 2004 жылға дейін Алматы облысы, Ақсу ауданы, Алажиде ст. Алажиде орта мектебінде Бас есепші болып жұмыс істеді.
- 2004 жылдан 2005 жылға дейін Алматы облысы, Көксу ауданы. №2 М.Құрманова атындағы орта мектептің бас есепшісі болып жұмыс істеді.
- 2005 жылдан 2014 жылға дейін Алматы облысы, Көксу ауданы қаржы бөлімінің бас маманы (бас есепші) болып жұмыс істеді.
- 2014-2019 жылдары Алматы облысы Көліктік бақылау инспекциясының "Есеп және қаржы жұмыстары бөлімінің» басшысы (бас есепші) болып жұмыс істеді.
- 2019-2020 жылдың қараша айына дейін Алматы облысы ТЖД-нің «Қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің» бас маманы болып жұмыс істеді.
- 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы ТЖД-нің «Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының» басшысы (бас есепші) болып жұмыс істейді.
Отбасы жағдайы: Тұрмыста, үш бала тәрбиелеп отыр.



