
Бижанов Нұрлан Дәуренұлы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы
Өмірбаян
Туған жылы: 20 желтоқсан 1976 жыл
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:
Қазақ мемлекеттік заң университеті (құқықтану)
Нұрлан Бижанов еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады.
Әр жылдары Қызылорда облысы прокуратурасының бөлім басшысы, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма басшысы, Сырдария ауданы және Қызылорда қаласының прокуроры, сондай-ақ Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары прокурорының орынбасары болды.
2017-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бас Прокурор Аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды. Сонымен қатар 2023 жылға дейін Қызылорда облысының прокуроры болды.
2024 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы.





