
Құсайынов Мұрат Көбегенұлы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Туылған күні: 23 желтоқсан 1978 жыл
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
Қазақ мемлекеттік заң университеті (құқықтану).
Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылғы қаңтарда Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасында тағылымдамашы лауазымынан бастады, содан кейін прокурордың көмекшісі, осы ауданның прокуратура прокуроры, Астана қаласы прокуратура басқармасының прокуроры, Астана қаласы прокурорының көмекшісі болып жұмыс істеді.
Әрі қарай, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тергеу және анықтаудың заңдылығын қадағалау департаменті басқармасының прокуроры (2004-2005);
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көмекшісі (2005-2007);
Ақмола облысы Ерейментау ауданының прокуроры (2007-2008);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің кадр жұмысы және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің аға прокуроры (2010-2011);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің бастығы (2011-2012);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы (2012-2015);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы (2015-2019);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Нұр-Сұлтан қ. бойынша басқармасының бастығы (2019-2022);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары (2022 жылғы 2 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін).



