
Нұрлыбай Сәбит
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы. 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
Өмірбаян
Туған күні: 16 тамыз 1967 жыл
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты (инженер-механик);
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (құқықтану);
Техника ғылымдарының кандидаты.
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықақы, құрметті атақтары:
II дәрежелі «Даңқ» ордені;
II дәрежелі «Айбын» ордені;
«2 дәрежелі әскери қызметіндегі үздік көрсеткіштері үшін» медалі;
Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы, мемлекеттік, мерейтойлық және ведомстволық медальдары.
«Жанар» инновациялық кәсіпорны директорының орынбасары (1991-1992);
Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі жанындағы «Қазақстан-сервис» ЖШС жетекші маманы (1992-1994);
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің жетекші маманы (1995);
Қазақстан Республикасы Парламенті Іс басқармасының референті, консультанты, бөлім бастығы (1996-1998);
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі/Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі департаментінің директоры (1998-2002);
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің Астана қаласы соттарының әкімшісі (басшысы) (2002-2004);
Астана қаласы Әкімдігінің Тұрғын үй департаментінің директоры (2004-2006);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, Әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы (2007);
«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының кеңесшісі, Аппарат басшысы (2007-2009);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары (2009-2017);
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның м.а. (2017-2018);
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кеңесшісі (2018);
Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі (2018-2019);
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы (2019-2020);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы (21.10.2020 бастап қазіргі уақытқа дейін).



