Юнисова Алтынай Юнисқызы

    «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысы

    Юнисова Алтынай Юнисқызы
    Руководитель управления

    Юнисова Алтынай Юнисқызы

    «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысы

    Өмірбаян

    1977 жылы 25 мамырда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. 2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2001 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.

    Мамандығы бойынша біліктілігі - мәдени-тынығу жұмысы көркемдік шығармашылықты ұйымдастыру, қазақ тілі мен әдебиеті

    Еңбек жолын 1996 жылы Ақтөбе облыстық телерадиокомпаниясында диктор болып бастаған.

    1996-1997 жылдары - “Арна” ақпараттық бағдарламасының аға редакторы

    1997-1999 жылдары - Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы үйінің методисі

    1999-2003 жылдары – «Ақтөбе облысының ішкі саясат департаменті» ММ діни ұйымдармен жұмыс бөлімінің жетекші маманы

    2003-2005 жылдары – «Ақтөбе облысының ішкі саясат департаменті» ММ жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекші маманы

    2005-2008 жылдары - «Ақтөбе облысының ішкі саясат департаменті» ММ жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы

    2008-2010 жылдары - «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы

    2010-2012 жылдары – Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, өңірлік орталығының біліктілікті арттыру кабинетінің меңгерушісі

    2012 жылы – «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мәдени даму, әлеуметтік сала және этносаралық қатынастар мониторингі бөлімінің бас маманы

    2012-2013 жылдары – «Ақтөбе облысының мәдениет басқармасы» ММ өнер және тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы

    2013-2017 жылдары – «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ өнер және тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы

    2017-2020 жылдары – «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы

    2020 жылғы 19 қазанда Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    Марапаттары

    “Мәдениет саласының үздігі” медалімен, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен және “Құрмет” орденімен марапатталған

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері