
Балмағамбетова Маншүк Сәлімқызы
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысының орынбасары
Өмірбаян
1968 жылы 28 қаңтарда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Родники ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі – экономист-ұйымдастырушы, құқықтанушы
Еңбек жолын 1990 жылы Мұғалжар аудандық табиғатты қорғау комитетінде жетекші маман болып бастаған.
1990-1991 жылдары - Жұрын станциясындағы астық қабылдау пунктінің экономисі
1992- 1997 жылдары - Мұғалжар аудандық қаржы бөлімінде жетекші маман, бас маман, қаржы бөлімінің бастығының орынбасары
1997-2003 жылдары - Мәртөк ауданы қаржы бөлімінің басшысының орынбасары, Мәртөк ауданы қаржы бөлімінің басшысы
2003-2009 жылдары - Ақтөбе облысының қаржы департаменті, ревизиялық басқарманың методология, есеп және талдау бойынша жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау бөлімінің басшысы
2009-2020 жылдары - Ақтөбе облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы, әлеуметтік саланы қаржыландыру бөлімінің басшысы, мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің басшысы
2020 жылғы 17 ақпанда Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды
