
Аким
Шәпкенов Серік Жамбылұлы
Атырау облысының әкімі
Өмірбаян
Серік Жамбылұлы Шәпкенов(29 шілде 1979 ,Қаратөбе ауылы,Қаратөбе ауданы ,Батыс Қазақстан облысы ,Қазақ КСР ,КСРО ) — мемлекеттік қайраткер. 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Қаратөбе кентінде дүниеге келді. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген (2000), экономист-математик.
- 2000 жылдан - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы.
- 2001 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.
- 2002 жылдың маусымынан - Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан - бас маманы.
- 2006 жылдың қаңтарынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторлы дамыту бөлімінің бастығы.
- 2006 жылдың наурызынан - БҚО Ауыл шаруашылықдепартаменті әкімшілік бөлімінің бастығы.
- 2007 жылдың қаңтарынан - БҚО Ауыл шаруашылық департаменті директорының орынбасары.
- 2007 жылдың қазанынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары.
- 2009 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
- 2014 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
- 2016 жылдан - Атырау қаласының әкімі.
- 2018 жылдан - Атырау облысы әкімінің орынбасары
- 2020 жылдан – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.
- 2021— 2022 жылдары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
- 2022 жылдың 7 сәуірден бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды[2].




