
Әренов Расул Қайроллаұлы
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Р.Қ.Әренов 1979 жылы Ертіс ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2001 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «тарих мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1997 жылы № 1 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, 2002 - 2010 жылдар аралығында ауданның білім беру мекемелерінде, Ағашорын жалпы орта білім беру мектебінің дене шыңықтыру мұғалімі, № 21 Ертіс кәсіптік мектебінің мастері, Ертіс ауылы әкімі аппаратының жастар жұмысы бойынша әдіскері, «Жалын» БЖДТО дене шынықтыру бойынша әдіскері болып жұмыс жасады. 2011 жылы мемлекеттік қызметке қабылданды. Ертіс ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы, құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі әкімшілік мемлекеттік қызметтерін атқарды.
2020 жылдың 5 қазанынан Ертіс ауданы әкімі аппаратының басшысы.

