
Өмірбаян
Алматы қаласында дүниеге келді. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін және Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Ақпараттық-талдау орталығы ақпараттық-коммуникативтік бөлімінің сарапшысы қызметінен бастады
2005 - 2007 - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы болып жұмыс істеді
2010 - 2012 - Алматы қаласының Өңірлік даму әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялар жөніндегі департаментінің директоры болды
2012 жылдан 2016 жылдар аралығында Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары, басшысы қызметін атқарды.
2016 - 2019 - Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік жасады
2019 -2022 - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарды
2022 жылдың мамыр айынан бастап Медеу ауданының әкімі қызметін атқарады.



