Маевский Александр Анатольевич

    АҚ және ТЖ бойынша аудан әкімінің бас инспекторы м.а.

    Маевский Александр Анатольевич
    Бас инспектор

    Маевский Александр Анатольевич

    АҚ және ТЖ бойынша аудан әкімінің бас инспекторы м.а.

    Өмірбаян

    Туылған күні (күнi, айы, жылы)

    1974 жылғы 24 маусым

    Туылған жерi

    ҚАЗАҚСТАН, обл.АҚМОЛА, ШОРТАНДЫ АУДАНЫ, ШОРТАНДЫ

    Ұлты

    Орыс

    Бiлiмi/Образование

    Жоғары білім

    Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы

    2000 жыл - ҚР УУМ Қостанай жоғары мектебіне

    Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi

    құқық қорғау қызметі

    Күні

    Лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жерi

    қабылданған

    босатылған

    05.02.1996

    02.03.2019

    Құқық қорғау қызметі Шортанды аудандық ішкі істер департаменті, Шортанды кенты, Шортанды ауданы, Ақмола облысы

    15.07.2022

    08.04.2024

    Шортанды ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Шортанды кенты, Шортанды ауданы, Ақмола облысы

    09.04.2024

    по н/время

    Аудан әкімінің бас инспекторы, Ақмола облысы

    Аудан әкімінің бас инспекторының негізгі функциялары

    (төтенше жағдайлар, азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы бойынша):

    1. Аудан әкімі қызметінің төтенше жағдайлардың туындауы, азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша үйлестірілуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру.

    2. Жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі объектілердің өртке қарсы, терроризмге қарсы және өзге де қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    3. Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес ауданның төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп су тасқынына қарсы, қысқы кезеңдегі және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою кезінде меншік нысаны әртүрлі кәсіпорындар мен мекемелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау бойынша жоспарлы оқу-жаттығуларды бірлесіп өткізу, азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар саласында оқытуды ұйымдастыру.

    4. Өз өкілеттігі шегінде құпия іс жүргізуді және «ДСП» белгісі бар құжаттар бойынша хат алмасуды жүргізу.

    5. Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын, іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, жоғары тұрған органдардың азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар бағыты бойынша тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру.

    6. Кезекшілікті ұйымдастыру, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне бақылау жүргізу.

    7. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды орындау. Жұмылдыру жоспарын әзірлеу, ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен, құқық қорғау және басқа да арнаулы органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

    8. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау мәселелері бойынша комиссияның жұмысын ұйымдастыру.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері