Тұрашев Нұрлан Нұрғалиұлы

    Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Тұрашев Нұрлан Нұрғалиұлы
    Руководитель отдела

    Тұрашев Нұрлан Нұрғалиұлы

    Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Н.Тұрашев 1971 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1990 жылы Мақтаарал ауданы Алғабас колхозында “колхозшы” болып бастаған. Кейіннен Мақтаарал аудандық қаржы бөлімінде бас тексеруші-инспектор міндетін атқарушы, бас экономист лауазымдарында еңбек етті. Сондай-ақ, Мақтаарал аудандық салық бөлімінде бас салық-инспекторы да болған.

    1999-2009 жылдар аралығында Мақтаарал ауданы “Эльмира” шаруа қожалығының бас есепшісі, Мырзакент поселка әкімі аппаратының салық маманы, “Бекет” шаруа қожалығының бас есепшісі, аудандық қаржы бөлімінің бас маман-бас экономисті, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы лауазымдарында жұмыс істеді.

    2009 жылы Бірлік ауылдық округінің әкімі, 2011 жылы Жаңажол ауылдық округінің әкімі болды. 2012 жылы ҚР-ның ішкі істер министрлігінде бақылаушы болып тәжірибесін шыңдады.

    2015 жылы Мақтаарал ауданы Жетісай қаласы әкімінің міндетін атқарушы, 2016 жылы Жетісай қаласы әкімінің орынбасары, 2018 жылы Жаңажол ауылдық округінің бас маман-есепші міндетін уақытша атқарушы, бас маман есепшісі лауазымдарында еңбек жолын жалғастырды. Сондай-ақ, қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы болып қызмет еткен.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері