
Елшібаев Нұрғали Сәрсенбекұлы
Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Н.Елшібаев 1986 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін Қаржы мамандығы бойынша, 2015 жылы Сырдария университетін Құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік бөлімінде оператор болып бастаған.
2011 жылы Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округінің бас маман-есепшісі, 2017 жылы А.Қалыбеков ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауданы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің әкімі лауазымында абыройлы еңбек етті.