Алтынбеков Рахымжан Пиримжанұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Алтынбеков Рахымжан Пірімжанұлы 2001 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі және әдебиеті мамандығына түсіп, 2006 жылы бітірген. 2014 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетіне құқықтану мамандығына түсіп, 2016 жылы бітірген.
01.09.2002-04.04.2003 жылдары Бәйдібек ауданы Сарбұлақ негізгі мектебінің лобаранты.
04.04.2003-10.06.2011 жылдар аралығында Бәйдібек ауданы Сарбұлақ негізгі мектебінің мұғалімі.
15.06.2011-23.04.2012 жылдары Түлкібас ауданы әкімінің аппаратының наградалар бойынша инспекторы.
27.04.2012-06.08.2012 жылы аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» әдіскері.
06.08.2012-28.09.2012 жылы Түлкібас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы.
28.09.2012-27.02.2013 жылдары Түлкібас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сектор меңгерушісі.
27.02.2013-04.10.2013 жылы Түлкібас ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімшесінің бас маманы.
04.10.2013-11.09.2017 жылдары Түлкібас ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы.
12.09.2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін Түлкібас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы.
