
Өмірбаян
1981 жылы 6 желтоқсанда туған, қазақ, білімі жоғары. 2004 жылы С.Торайғыов атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Биология және химия" мамандығы бойыншабітірген.
2004-2007 жылдары - М.Қайырбаев атындағы ЖОББМ биология және химия пәнінің мұғалімі.
2007-2014 жылдары - М.Қайырбаев атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары.
2014-2015 жылдары - "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" ММ-нің әдіскері.
2015-2016 жылдары - Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.
2016 жылдан 2017 жылға дейін - "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" ММ-нің бас маманы.
2017 жылғы тамыздан қарашаға дейін - "Ақтоғай ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" КММ-нің директоры.
2017-2020 жылдары - "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" ММ басшысының орынбасары.
Ақтоғай ауданы әкімінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 17 өкімімен "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің басшысы болып тағайындалды.




