
Өмірбаян
1972 жылғы 26 қазанда Павлодар облысы Краснокутск ауданы Ново-троицкий совхозында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 1990 жылы Павлодар есеп-экономикалық техникумын «Ауылшаруашылық өндірісіндегі бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша, 2022 жылы Торайғыров Университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
1990 жылдың тамыз айынан 1991 жылдың желтоқсанына дейін ауданның түрлі ұйымдарында, соның ішінде комсомол аудандық комитетінде бухгалтер болып қызмет атқарды. 1992 жылдың шілде айынан 1995 жылдың тамыз айына дейін Краснокутск және Ақтоғай шаруашылық есептегі мұрағаттарында аға бухгалтер лауазымында жұмыс істеді.
1996 жылдың наурыз айынан 2002 жылдың сәуір айына дейін Ақтоғай аудандық мұрағатында еңбек етіп, аға бухгалтерден директорға дейінгі қызметтік жолдан өтті. 2002 жылдың сәуір айынан 2007 жылдың қаңтар айына дейін аға архивист болып қызметін жалғастырды.
2007–2010 жылдары Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімінде және құрылыс бөлімінде бухгалтер болып жұмыс істеді. 2010 жылдың сәуірінен тамыз айына дейін Павлодар облысының мемлекеттік архивінің Ақтоғай аудандық бөлімінде аға архивист қызметін атқарды.
2010 жылдың тамыз айынан 2011 жылдың шілде айына дейін Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бухгалтер лауазымында болды.
2018–2019 жылдары Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маман қызметін атқарды. 2019 жылдың қыркүйек айынан 2022 жылдың шілде айына дейін Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің мемлекеттік сатып алу секторының бас маманы болды.
2022 жылдың шілде айынан 2025 жылдың тамыз айына дейін Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
2025 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін басқарады.




