
Өмірбаян
1991 жылғы 26 шілдеде Павлодар қаласында дүниеге келген. 2013 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Техника және технология» мамандығы бойынша, 2019 жылы – «Техникалық ғылымдар» мамандығы бойынша, ал 2025 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2013 жылдың қыркүйек айында Ақтоғай ауылындағы «Ақтоғай колледжі» №8 коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Тракторлар және автомобильдер» пәндері бойынша арнайы пәндер оқытушысы ретінде бастады.
2016 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылдың тамыз айына дейін «Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында оқу ісі жөніндегі басшының уақытша міндетін атқарушы қызметін атқарды.
2021 жылдың маусым айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін осы колледжде оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі басшының орынбасары лауазымында қызмет етті.
2023 жылдың қаңтар айынан 2025 жылдың шілде айына дейін «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы «AMANAT» партиясының Ақтоғай аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып жұмыс істеді.
2025 жылдың шілде-тамыз айлары аралығында «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманының уақытша міндетін атқарушы қызметін атқарды, кейін осы бөлімнің бас маманы болып тағайындалды.
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін — Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы.


